Қысқы Олимпиада-2018: Бүгін сайысқа кімдер шығады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII Қысқы Олимпиада ойындарында сынға түсетін спортшылардың жарыс кестесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жарыс кестесіне сәйкес мына спортшылар сайысқа түседі:

Фристайл-могул

Әйелдер арасындағы сайыста Юлия Галышева 5-ші, ал Аяулым Амренова 29-шы болып жарыс алаңына шығады. Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 2-ші, ал Павел Колмаков 14-ші болып сынға түседі. Сайыс таңғы сағат Астана уақытымен 07:00-де басталады.

Фристайл

Қазақстандық спортшылар фристайлдың могул және акробатика сындары бойынша бүгін алғашқы сайыстарын бастайды. Могулдан Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Аяулым Әміренова жүлдеге таласса, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас, Ильдар Батрутдинов акробатика сынында бақ сынайды. Әйелдер арасындағы могулдан бірінші іріктеу кезеңі Астана уақытымен сағат 07:00-де басталса, дәл осы спорт түрінен ерлер арасындағы алғашқы іріктеу сындары Астана уақытымен сағат 08:45-те басталады.

Соңғы жаңалықтар