Қысқы медиа мектеп жұмысын аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қысқы медиа мектеп жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Qazaq Radiosy» 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі әлемнің жеті елінің басын қосқан халықаралық шара.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткіуді дәстүрге айналдырды.

Биыл ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік радио күнін: «Жаңа әлем. Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу» атты тақырыптарын қолдады.

Осы ретте «Қазақ радиоларлы» ЖШС толқынында үздіксіз тараған COVID-19 пандемиясы кезіндегі жалған ақпаратпен күрестегі ақпараттық күресін ерекше атады. Медиа шараның спикерлері қатарында Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбай , Комениус университетінің профессоры Владимир Бацисин, Алтай мемлекеттік университетінің журналистика теориясы мен практикасы бөлімінің меңгерушісі, профессор Елена Васильевна Лукашевич, Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Дүйшекеева Айна Талғарбекқызы, Өзбекстан Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетінің Халықаралық журналистика факультетінің деканы Амрулло Каримов, Тәжікстандағы Славян университеті доценті Шаходат Сайбназарова қатысып, ұлттық радионың дамуы жайлы көз сөйледі.

Мәресіне жеткен шараның қорытындысы ретінде, Орталық Азия университетттері журналистика ғалымдары медиа нарықтағы ортақ үрдістер мен ұлттық даму моделін саралатайын ғылыми-талдамалық журнал шығаруды ұсынды. Еуразиялық кеңістіктегі медианың өзекті мәселелері, қоғамдық талқылаулары мен озат кейстерін талдау, сараптау журналдың басты бағыты болмақ.

2019 жылы 23 қарашада Бүкіәлемдік Теливезия күні аясында Ташкенттегі ЮНЕСКО қолдаумен өткен семинарда көпвекторлы ынтымақтастықты арттыру және интеграциялау мақсатында Орталық Азия университеттері журналистика және коммуникация ассоциациясы құрылып, алғаш төрағалықты Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті журналистика факультеті атқарып, 2021 жылы бұл миссия әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетіне табысталды.

Аталмыш қысқы мектеп жұмысы ЮНЕСКО деңгейінде аталатын Бүкіәлемдік радио күніне халықаралық деңгейде үлес қосып отыр.


Соңғы жаңалықтар