Қысқа дайындық кесте бойынша жүруде - Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде қысқы маусымда жылумен қамтамасыз етудің соңғы пысықтау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Алдағы 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде елімізде тұрақты энергиямен жабдықтау үшін 4 энергоблок (жылдық көлемнің 50% -ы), 32 қазан (57%) және 24 турбина (53%) және 439 қазандық жөнделді. Бұл ретте турбиналар мен қазандар бойынша жұмыс қарқыны өткен жылғы деңгейден 10%-ға жоғары екендігін атап өткен жөн. Өткен жылдың осы кезеңін салыстырмалы түрде алсақ жылдық жоспар бойынша  қазандардың 47%-ы, ал  турбиналардың 43%-ы жөндеген. Одан бөлек бүгінде 4 энергоблок, 24 қазан және 21 турбинаға жөндеу жұмыс жүргізілуде», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша бүгінгі күні 24 мың км электр беру желісі жөнделді, бұл жылдық жоспардың 85%-ын құрайды және 4,5 мың қосалқы станция, бұл жоспардың 77%-ын құрайды.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында 500 қазандықтың 439-ы (жылдық жоспардың 88%) жөнделді.

Сонымен бірге Қ.Бозымбаев электр станцияларының негізгі жабдықтары бойынша резервті қамтамасыз ету үшін «АрселорМитталТеміртау» АҚ 2-ЖЭО,  «Bassel Group LLS» ЖШС 1-ГРЭС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Согра ЖЭО» ЖШС, Шымкент ЖЭО АҚ «3-Энергоорталығы» электр станцияларында жөндеу жұмыстарының жүрігізіліп жатқанын және ол министрліктің жіті бақылауында екенін айтып өтті. 

Соңғы жаңалықтар