Қысқа дайындық барысы министрліктің жіті бақылауында - Қанат Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Алдымыздағы қысқа жылыту маусымына дайындық барысына министрлік күн сайын мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОКҚ-де баспасөз маслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев жылыту маусымына дайындық барысының министрліктен бөлек Үкіметте екі рет қаралып талқыланғанын айтып өтті.

«Бүгінгі күні республикада электр энергиясын өндіру 74 млрд. КВт/сағ құрайды, тұтыну - 70 млрд. КВт/сағ. Бұл өткен жылғы деңгейден 6% жоғары», - деді министр.

Оның айтуынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы министрліктің тұрақты бақылауында болады және 22 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында және 27 тамызда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Ұ.Маминнің төрағалық етуімен өткен кеңесте қаралды.

Бұдан басқа, Энергетика министрлігі Инвестиция және даму министрлігімен, әкімдіктермен және «KEGOC» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық компанияларымен бірлесе отырып ай сайын барлық энергетикалық кәсіпорындармен селекторлық кеңес өткізеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылды.

Соңғы жаңалықтар