Қыс мезгіліне республикалық жолдардың 91 пайызы дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі сәтке жол техникасының қысқа дайындығы 91 пайыз. Бұл туралы Астанада автожолдарды қыс жағдайында күтіп-ұстау мәселелеріне арналған кеңесте мәлім болды.

«Біз жолдарды қыс жағдайын күтіп-ұстауға кірісе бастадық. Өз тарапымыздан республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктердің жыл бойы бөгетсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді жұмсайтын боламыз. Ендігісі жүргізушілерге байланысты, өйткені көлік құралдарының қыс кезеңінде пайдалануға әзірлігі солардың қолында», - деді Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов. +Аталған ведомстводағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығымен бірлесіп, акционерлік қоғамның облыстық филиалдары мен «Қазақавтожол» РМК-ға 1 қарашаға дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қыста күтіп-ұстауға 100 пайыз дайын болуын қамтамасыз етуді, сонымен бірге ең қауіпті деген учаскелерін бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар