Қыс кезінде балықшылар аса сақ болғаны жөн: Түркістан облыстық ТЖД ескерту жасады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде балық аулау кезінде ереже сақтамаған 14 адам суға кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, соңғы 5 жылда Түркістан облысы аумағында 12 адам балық аулау кезінде суға батып, қайтыс болған. 2018 жылы 7-адам, 2019 жылы 2-адам, 2020 жылы 2-адам, ал биылғы жылы балық аулауға шыққан бір адам қайтып оралмаған. Ал, биылғы жылы ел бойынша балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 14 адам суға батып кеткен.

Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев мәлімдеді.

«Балық аулау демалыстың керемет түрі, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамаса ол өте қауіпті. Күн салқындаған сәтті күзгі және қысқы балық аулауды ұнататындар, оның ішінде су айдындарындағы мұзда балық аулаушылар көбейе түседі. Сондықтан облыста қыс мезгілінде су айдындарында адамдардың қауіпсіздігі ең өзекті мәселелердің бірі болады. Осы бағытта, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және оның аумақтық бөлімшелері құзырлы мекемелермен бірлесіп, тұрақты профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Облыс тұрғындары мен қонақтарына балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз» - деді Қанат Қарабалаев.


Соңғы жаңалықтар