Қыс қаһары астаналықтардың ауызбірлігін арттырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Биыл Астананың қысы ерекше мінез көрсетіп, қатты аяз күшіне мінді. Осыған орай біз, астаналықтардың аязды күндерді қалай өткеріп жатқандығы туралы фотрепортаж дайындадық.



Термометр бағаны -42-ні көрсетіп тұр. Астаналықтар тұмшаланып алған, аяздан аман қалудың жолын әркім әртүрлі шешіп жатқан сияқты.







Мамандар бұл аяздың Қазақстан аумағымен жылжып бара жатқан Арктика антициклонының әсерінен екендігін айтады. Осыған байланысты бірнеше ауданда қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды.

Астана тұрғындары аялдамаларда ұзақ тұра алмай, қоғамдық көліктерге жылдам мініп кетуге тырысуда. Көшедегі көлік атаулының барлығынан бу бұрқырап, жолдар суық буға оранып алғандай.





Коммуналдық қызмет өкілдері үлкен сынақтан өтіп жатқан болуы керек. Қаланың тіршілігін тоқтатпау міндеті қазір солардың мойнында.

Жергілікті билік кез келген мекемелердің, кәсіпорындар мен сауда орындарының басшыларына жұмыс күнін қысқартып, адамдарды жұмыста ұзақ ұстамауға шақырды.



Астаналықтар аязды күндері бір-біріне көмектесіп бағуда.

«Астана Жастары» орталығының еріктілері қала тұрғындары мен қонақтарына аялдамаларда тегін ыстық шай мен кофе ұсынды. Қаладағы дәріханалардың біріндегі есікте жылынып шай ішіп алуға шақырған хабарлама қағаз ілінген.



Қақаған қыстың қатты аязы астаналықтарды шынымен де біріктірді. Әлеуметтік желілерде тегін жеткізіп тастайтынын айтып хабарлама жазған көлігі бар адамдардың саны артып келеді.











Казгидромет мәліметінше, Астанада 23-26 қаңтар аралығында күндіз -32, түнде -40 градусқа дейін жететін қатты аяздар болады.

Соңғы жаңалықтар