«Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында құтқарушылар қар құрсауынан зардап шеккендерді құтқару дағдыларын пысықтады. Арнайы қызметтің қызметкерлері де кәсіби шеберліктер шыңдады.

Оқу-жаттығу сценарий бойынша коммуналдық қызметтер Зеренді ауданындағы қазандықта жарылыс болып, екі адам зардап шеккен төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаса, дәрігерлер зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетті. Бұл жаттығулар шынайы ТЖ кезінде қызметтер өз іс-қимылдарын қалай іске асыратынын көрсетті. Оқу-жаттығу іс жүзінде ойдағыдай өтті.

Бұдан кейін құтқарушылар жұқа мұз астына кеткен балықшыларға көмекке ұмтылды. Зардап шеккендерді құтқарылды, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жылыту бекітініне жеткізілді.

Ал, Көкшетау қаласында құтқарушылар мен шұғыл қызметтер жол-көлік оқиғасы кезінде «хлор» улы затын төгілген жағдайда, адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығуын өткізді.

«Бүгін біз азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін қыс маусымында орын алатын ТЖ дайындығын тексердік. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 100 адам мен 30 арнайы техника тартылды», - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Айта кету керек, бүгін таңда облыста тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қысқы маусымға дайын. Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қажетті нормада отын қоры бар. Автомобиль жолдарының қар құрсауына ұшырауы қаупі бар аумақтар анықталып, оларға 239 жылыту пункті белгіленген. Автомобиль жолдары мен теміржолдардағы үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін 25 жол ұйымы, 900-ден астам арнайы техника жұмылдырылыр отыр. Көктайғаққа қарсы материалдар қоры және қар тоқтататын құрылғылар дайындалды.

Соңғы жаңалықтар