+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев ядролық сынақ құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды

2020 жылғы 29 тамыз 10:52
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев ядролық сынақ құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Семей полигонының жабылу күніне орай Шығыс Қазақстан облысында болып, Семей қаласындағы ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқа да азаматтар бар.

Ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімінде Мемлекеттік хатшы жарты ғасырдан астам уақыт өткізіліп келген ядролық жарылыстарды толыққанды тоқтатып, полигонды жабу бұрынғы Кеңестер одағы басшылығының қарсылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың патриоттық, ұлтжанды тарихи шешімі семейліктердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының, қазақстандықтардың, дүниежүзіндегі прогрессивті адамзаттың қолдауына ие болғанын атап өтті.


Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының атаулы күніне орай қазақстандықтарға арнаған Үндеуін жариялады.

Одан әрі Мемлекеттік хатшы бастаған делегация және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бір топ мүшелері Семей қаласындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, «Қарағайлы» шағын ауданының, көпбейінді мәдени-спорттық кешенінің құрылыс барысымен, Абай атындағы алаңды, Абай атындағы театрды қайта қалыпына келтіру, Абай атындағы музейді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бұдан кейін Абай ауданында болып, ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай берген тапсырмасына сәйкес қалыпқа келтірілген Сырт-Қасқабұлақтағы, Жидебайдағы тарихи нысандарды аралап көрді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT