+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды

2021 жылғы 1 наурыз 16:10
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық саналы жаңғыртуға баса мән беріп отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уақыттың сын-тегеурініне бейімделген жаңа ұлттық бірегейлікті қалыпастырудың заманауи жағдайында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси-экономикалық реформалармен қатар қоғамдықсаны жаңғыртуға да баса мән беріп отыр. Мемлекет басшысы ұлттық мүделелер мен жаңа ғылыми әдістерді ескере отырып. Отандық тарихты жазу сынды маңызды стратегиялық міндеттіалға шығарып отыр. Бұл біздің тарихи санамыздың жаңғыруының жарқын көрінісі», - деді Қырымбек Көшербаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында.

Мемлекеттік хатшы қоғамыздың рухани жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жұмыстарын ақятау болуы тиістігін баса айтты.

«Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халық үшін қазақ жері нағыз үйіне, туған ошағына айналды. Тарихи әділетті қалпына келтіру, сотталғандардың адал есімдерін қайтарып, әділдік орнату – міне осы жайтты біз ризашылық білдіретін ұрпақтарының жадында қалдыруға тиіспіз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT