+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

2021 жылғы 16 қыркүйек 17:25
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Өлкетанушы: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын тұтас ақтайтын құжат қабылдануы тиіс

Отырыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ақпараттық жұмысы мен ғылыми-баспа қызметінің басымдықтары және Комиссияның шешімдерін іске асыру барысы талқыланды.

Отырыстың негізгі спикерлері ретінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым т.б сөз сөйледі.

Қырымбек Көшербаев өз сөзінде Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттандыру мәселесінде ғылыми негізділік пен тарихи объективтілікті қамтамасыз ету қажет екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар мемлекеттік комиссия отырысында архивтерден табылған ғылыми-зерттеу еңбектерді жаһандық цифрлық кітапханаға енгізуге, көркем-публицистикалық шығармаларды ынталандыру жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға назар аударылды.

Жиын барысында өңірлердегі саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу материалдарын басып шығару үшін мүмкіндіктерді дамыту және жастар аудиториясының сұраныстарына бағытталған ақпараттық орта қалыптастыру мәселелері де қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне, өңірлердің әкімдеріне ақпараттық жұмыста Мемлекеттік комиссияның стратегиялық басымдықтарын қамтамасыз етуге, баспасөз және цифрлық технологиялардың кең ауқымын қолдана отырып, Комиссияның зерттеу материалдары бойынша баспа қызметін кеңейтуге бағытталған тапсырмалар берілді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT