+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысымен кездесті

2019 жылғы 18 желтоқсан 19:30
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одрэ Азулемен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Олар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдар және алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың перспективаларына қатысты көптеген мәселені талқылады.

Қырымбек Көшербаев ЮНЕСКО жетекшісіне әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкент қаласының 2200 жылдығын ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалардың халықаралық күнтізбесіне енгізу жөніндегі Қазақстан бастамасына қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Сондай-ақ, келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Бұл орайда, 2020 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде арнайы мәдени бағдарламалар ұйымдастыру ұсынылды.

Кездесуде Бүкіләлемдік мәдени мұраға жататын ескерткіштерді қорғау бойынша Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі орналасқан Түркістан қаласының қазіргі заманға сай даму тақырыбы қозғалды. Тараптар «Жібек жолының Ферғана-Сырдария дәлізінің желілері» трансұлттық номинациясына қатысты және таяу жылдары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне сериялық номинацияларды енгізуге қатысты ұстанымдарын келісті.

Кездесу соңында Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстанға шақыру қағазы ЮНЕСКО Бас хатшысы О.Азулеге табысталды. Ол шақыруды ризашылықпен қабылдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT