Қырымбек Көшербаев өз таңдауын жасады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгінгі Президент сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі таңертеңгілі Қызылорда қаласындағы №101 мектептегі №263 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қызылорда облысында сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін 366 аумақтық сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда облысында 366 сайлау учаскесінің 341-і сайлаушылардың негізгі тіркелген жері бойынша, 25 сайлау учаскесі әскери бөлімдерде, емдеу орындарында және басқа да мекемелерде құрылған. Облыстағы барлық сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл өңірде мүмкіндігі шектеулі 19 034 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Олардың құқығын қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. 50 сурдоаудармашы көмек көрсететін болады.

Бұдан бұрын Қызылордада сайлау күні таңертең 10 сәби дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар