Қырымбек Көшербаев өкілеттігінің ұзартылуына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің өкілеттігінің ұзартылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. 

«Туған Отаныңа, еліңе қызмет ету, Тәуелсіз елдің негізін қалаған Елбасының командасында жұмыс істеуден артық бақыт бар ма?! Мемлекет басшысы бағалап, одан әрі жауапты тапсырма беріп жатса, туған еліңе қызмет етуден артық бақыт жоқ қой», - Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Осы орайда, ол елге қызмет етудегі жігерін ата-бабаларынан үлгі тұтатынын атап өтті.

 «Менің атам Көшербай екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еңбегі үшін Аралда Социалистік Еңбек Ері болған. Әкем Елеу Қызылорда облысындағы 5 ауданды басқарған,  бірнеше ордендердің иегері. Ата-бабамыздан  елге, Отанға қызмет ету - біздің әулетіміздің дәстүрі. Ұрпақты да солай тәрбиелеймін. Олардың шенеунік болуы міндет емес. Қай жерде жүрсе де, өздерінің мамандығына сәйкес еліне адал болу керек. Бақытымызды осы туған жерімізден іздеуіміз қажет», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар