+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев мемлекеттің басты мақсат-мұратын атады

2021 жылғы 1 наурыз 15:48
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев мемлекеттің басты мақсат-мұратын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттің басты мақсат-мұраты - адами капиталды дамыту. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да жыл соңына дейін 40-тан астам нысан ашылмақ ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 3 мыңнан астам шара өткізілді Ақмола облысында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды

«Бүгінгі таңда мемлекеттің басты мақсат-мұраты - адами капиталды дамыту. Осыған орай Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыруға ұластыру қолға алынуда. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру жөніндегі келелі міндеттің аясында іске асырылмақ», - деді Қырымбек Көшербаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, соның негізде тұлғалық даму немесе адами капиталдың сапасын арттыру, ұлттық бірегейлік, мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға барынша күш салынбақ.

«Осы арқылы біз бірлігі жарасқан барша Қазақстан халқын қазіргі заманғы толысқан мемлекет құру жолындағы жоғары мақсаттарға жұмылдыра аламыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT