Қырымбек Көшербаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төс белгілерді салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапаттайды. Бұл игі дәстүрге айналған.

– Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар – сіздердің елімізді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырудағы жасампаз еңбектеріңізге, білімдеріңізге, қажыр-қайраттарыңызға және сіңірген еңбектеріңізге берілген жоғары баға, – деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы марапат иелеріне жаңа табыс мен жетістік тіледі.

Соңғы жаңалықтар