+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев: Қазақстан Президенті қандастардың мәселесін мұқият қарап, нақты тапсырмалар берді

2019 жылғы 28 қараша 10:53
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев: Қазақстан Президенті қандастардың мәселесін мұқият қарап, нақты тапсырмалар берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы, «Отандастар қоры» КЕАҚ Қамқорлық кеңесінің төрағасы Қырымбек Көшербаев елімізде «Отандастар» халықаралық форумы өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қандастар үшін дайындық курсы ашылып, 1 мың грант бөлінді Әлемнің 11 еліндегі қандастарға қазақ тілі  курстарын ұйымдастыру жоспарлануда Шетелден көшіп келетін қандастардың құжатын рәсімдеуге бір терезе қағидаты енгізіледі

«Тәуелсіздік алғалы бері елімізге 1 миллионан астам қандасымыз келіп, Отанымыздың бір-бір уығына айналып, мемлекетіміздің өркен жаюына үлестерін қосуда. Әрине, көш болғасын жүре түзелер кемшіліктер бар болар. Сондықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атамекенді аңсап келген ағайындар мәселесін Үкіметке, Президент Әкімшілігіне тағы бір мұқият қарап, қосымша іс-шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма берді», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы бүгін де шетелдегі этникалық қазақтарды қодау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында қазақ диаспорасы өкілдері үшін қазақстандық ЖОО-ларда бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша квота көлемі 4 пайызға көтерілгенін, білім алушылардың 2 747-ге жеткенін атап өтті.

«Бұдан басқа қандастарымыздың баспанамен және жұмыспен қамту мәселесі 2017-2021 арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында өзінің шешімін тауып отыр. Сонымен бірге, қазіргі уақытта шетелден келген ағайындарға құжатты ресімдеуде көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, шетелдегі отандастарды мемлекеттік тұрғыда қолдау туралы заңнамалық тетіктерді енгізу жөнінде де маңызды шаралар да қолға алынады», - деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев сондай-ақ, қазақ диаспорасының бүгінгі жай-күйі да сөз етті.

«Елімізде қазақ жастарының білім және ғылым салаларына ынта-ықыласы, оларды өздері тұрып жатқан елдердің саяси-әлеуметтік жүйесіне толыққанды кірігуіне байланысты зерттеулер де жүргізілуде. Бұл жұмыстардың өзінің оң нәтижесін табары сөзсіз. Замандас ақын Сабыр Адайдың «Әр қазақ – менің жалғызым» деген жыр жолдары қанатты сөзге айналып кеткені ақиқат. Дүниенің төрт бұрышын мекендеген қандастарымыздың қадау-қадау мәселелерін бүгінгі дөңгелек үстелде шешіп тастамайтынымыз анық. Алайда атамекенді аңсап, тарихи отанға үкілі үмітпен қарап отырған қандастарымызға бүгінгі әңгіме қанатымен су сепкен қарлығаштай көмек қолын тигізіп жатса – мазмұндық жағынан шараның өзін-өзі ақтай алғаны деп ойлаймын», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы сөз соңында келесі жылы елімізде «Отандастар» халықаралық форумы өткізілетінін мәлім етті.

«Ешқандай күмән болмасын – Елбасы да, Мемлекет басшысы да, Үкімет те ұлтымыздың болашағына қызмет етуде. Әсіресе, халқымыздың асыл арманы мен үкілі үмітін іске асыратын өскелең ұрпақтың жағдайы – біздің ең үлкен назарымызда. Бұйырса, сіздердің ұсыныс-ескертпелеріңізді ескере отырып, сәуір айында Нұр-Сұлтанда «Отандастар» халықаралық форумын өткізіп, маңызды шешімдер қабылданады деп күтілуде», - деді ол.

Еске сала кетсек, елордада дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген қандастардың қатысуымен «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT