+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек

2020 жылғы 10 тамыз 23:57
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы, қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаев ғаламдық індеттен кейінгі мемлекеттің алдында тұрған мақсат-міндеттер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
21 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі Теннис: Рыбакина мен Зарина Дияс Франциядағы Страсбург турнирінде ойнайды Әлемге танымал Vogue сән журналы Көбейтұзда күй шерткен қазақ аруы туралы жазды

«Ғаламдық індетке байланысты айтар болсам, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында «Ана тілі» газетіне «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты мақала жариялады. Онда Мемлекет басшысы көптеген көкейтесті мәселеге байланысты өзінің ой-пікірін айтты. Індетке қатысты, оны жеңіп шығудың қандай жолдары бары туралы сөз қозғалды. Елдің бірлігі мен ынтымағының арқасында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бұл қиындықтан да аман шығатынына еш күмән жоқ. Бірақ бір ақиқат бар. Бұл ғаламдық індет пен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан кейін дүние бұрынғыдай болмайды. Бізді үлкен өркениеттік өзгерістер күтіп тұр. Сондықтан біз оған дайын болуымыз керек. Сондықтан біз зиялы қауыммен бірлесіп, үлкен рухани ізденістердің алдында тұрмыз. Сол сұрақтардың жауабын бірге айқындауымыз керек», - деді «Абай TV» арнасына берген сұхбатында.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, заманның жаңа тегеуріндеріне лайықты жауап беру керек. Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қай кезеңде тұрғанын айтып өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа тынысы ашылуы керек деп есептейміз. Себебі заман өзгеріп жатыр. Осы уақытқа дейін бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылды. Бірақ қазір жаңа заманның келбетіне сай жаңа рухани жобалар қажет. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отыра, зиялы қауымнан өтінеріміз, билікпен бірге зиялы қауым рухани жобаларды жүзеге асыруы керек. Бізге бәсекеге қабілетті толыққанды адам қажет. Масылдыққа орын жоқ. Дағдарысқа жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктердің бастауы деп қарауымыз керек», - дейді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы бұл ретте жапон халқының 1945 жылғы тарихын еске алды. Оның айтуынша, 1945 жылы 15 тамызда Жапония императоры Хирохито Киото қаласында сөз сөйлеген.

«Жапонияда императорды күннің сәулесінен жаралған адам деп есептейді. Императордың айтқан сөзі жұртты біріктіріп, ұйыстырады. Тәртіп бойынша жапондықтар император сөйлегенде тізерлеп тұрып, тыңдайды екен. Бұл жолы Хирохито «Халықтың бәрі түрегеп тұрсын, ал императордың өзі тізерлеп тұрып елінің алдынан кешірім сұрайды» деп үндеу жариялайды. Өйткені жапон армиясы тас-талқан болып, АҚШ Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастады. Сол сөзінде Хирохито «жан төзбес қиындыққа шыдайық, эмоцияға жол бермей, нығайып, бірігіп, еңбек етейік» деген сөзді айтады. Император мемлекетті құтқарудың бірден-бір жолы – адамды дамыту дейді. Ал қазір Жапония әлемдегі технологиясы жоғары дамыған бес мемлекеттің қатарында. Солай бола тұра өздерінің ұлттық дәстүрін қалай сақтап қалғанын білесіз. Сондықтан жапондықтардың көрсеткен жолы – бізге үлгі», - деген Мемлекеттік хатшы кезінде Алаш қайраткерлерінің де ерлігіне жапон халқының жетістігі рух бергенін еске алды.

Қырымбек Көшербаев цифрлық технологиялар, жасанды интеллект заманы кезінде ұлттық құндылықтардан айырылып қалмай, рухани құндылықтарды байыта отырып, өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керектігін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT