+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев: Қасиетті Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау - барша Қазақстан халқының асыл мұраты

2021 жылғы 1 наурыз 15:34
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев: Қасиетті Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау - барша Қазақстан халқының асыл мұраты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасиетті Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа аманат ету - барша Қазақстан халқының асыл мұраты. Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Иран сарапшылары Қазақстанның тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерін талқылады Люксембургте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына пошталық маркалар шығарылды Мемлекеттік саясатты әлеуметтік сүйемелдеу қажеттілігі артады – Сенат Төрағасы

«Елімізде көктемнің алғашқы күнін – Алғыс айту күні деп белгілеудің ерекше символикалық мәні бар. Ежелден еркін далада табиғатпен үндесіп тағдыр кешкен халқымыз үшін көктеммен бірге келетін әз-Наурыз – жаңару мен жасарудың, жақсылық пен ырыс-ынтымақтың нышан ретінде айшықталған. Бүгінгі БАҚ-та жарияланған Мемлекет басшысының, Елбасының, көптеген қазақстандықтардың жолдаған құттықтауларындағы игі тілектер қабыл болғай! Мың да бір рақмет, Тәңірге, тағдырға, отандастарға, қазақ халқына!», - деді Қырымбек Көшербаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында.

Осы ретте ол биыл тәу етер Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отырғанын атап өтті.

«Адамзат тарихында әрбір ел ежелгі замандардан бері азаттық пен еркіндік үшін арпалысып келе жатқаны белгілі. Біздің ата-бабаларымыз да арайлы азаттық үшін қанша ғасырлар бойы қанын төгіп, жанын берді. Егемендік үшін күресті, еркіндік үшін тіресті. Міне, осы қасиетті Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, қазығын бекітіп, өскелең ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің, яғни, барша Қазақстан халқының асыл мұраты, асыл парызы деп білеміз», - деді ол.

Қырымбек Көшербаев тағдырында «талай тар жол, тайғақ кешуден» өтіп, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өткен ғасырдың өзінде мың сан алапат пен зұлматты бастан өткергенінтарихтан белгілі екендігіне назар аудартты.

«Соның ішінде халқымызды тең жартысынан айырған ашаршылық заманындағы орны толмас тақсірет, еркіндік жолындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш арыстарының қасіретті тағдыры және басқа да қатерлі кезеңдер қазақ халқының сағын сындырып, жігерін мұқата алған жоқ. Тәуелсіздікке деген күрес ешқашан толастаған емес. Тағдырдың осындай талай сынағына төтеп бере жүріп, жаны жомарт, мінезі қайсар қазақ халқы кеңестер кезінде дүрбелеңге түсіп, депортацияға ұшыраған көптеген ұлттар мен ұлыстарға пана болды. Құшағын жайып, есігін ашты. Шиеттей бала-шағасының ауызынан жырып, бір түйір нанды бөлісіп жеді. Бәрі бір кісінің баласындай бауырмал тіршілік кешті. Халқымыздың сол ыстық ықыласы бүгінгі Тәуелсіздік жылдары іргесі сөгілмес береке мен бірліктің, ырысы мол тірліктің кепіліне айналып отыр», - деді Мемлекеттік хатшы.

Бұл орайда ол Тәуелсіздіктің нығаюы мен еліміздегі сан этностардың ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне ықпал еткен Тұңғыш Президент – Елбасының арихи рөлі мен өлшеусіз еңбегін ерекше атап көрсетуіміз керектігін айтты.

«Этносаралық келісім, қоғамдық бейбітшілік пен тұрақтылық Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мызғымас үш ұстанымына және саяси философиясының берік тұғырына айналды. Елбасының осы сарабдал саяси ұстанымын бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терең пайыммен, орнықты бағытпен, тағлымы мол сабақтастықпен дәйекті түрде жалғастырып отыр», - деді Қырымбек Көшербаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT