Қырымбек Көшербаев: Еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Байтақ еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Байтақ еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы, Отанымыздың алдындағы асыл борышы. Әрине кез келген мемлекет өзінің даму жолында барша азаматтың қабілеті мен қарымына, әлеуеті мен адалдығына мән беріп, азаматтық қоғамды ұйымдастыруға бағытталған байыпты саясат жүргізгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізетіндігі белгілі. Бұл орайда Тәуелсіздік жылдарында елімізде азаматтық қоғамның орнығуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз еңбек сіңірсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы игілікті жолды жалғастырып, үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қызмет атқаруына жол ашып отыр», - деді Мемлекеттік хатшы.
Осы ретте ол мемлекет деген ұғымның өзі тағдыры мен талайы, мүддесі мен мүмкіндігі тоғысқан азаматтардың топтасуынан құралып, біртұтас ел құруға ұмтылған ұлттық құрылым екендігін атап өтті.
«Сондықтан біз азаматтың, қоғамның және мемлекеттің өзара үйлесімді және өрелі үндестікте өмір сүруіне мейлінше мүмкіндік беруіміз керек. Біз қоғам мен мемлекеттің арасына ала жіп тартып, азамат пен мемлекетті араздастыруды мақсат тұтатын бәзбір қағидаларға мүлдем қарсымыз», - деді Қырымбек Көшербаев.
- Қоғамдық бақылау мемлекет өмірінің барлық саласында болуы керек – сарапшы
- Құқық қорғаушы «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасына пікір білдірді
- Дос Көшім: Ауылдық жерлерде ынталы топ құру қажет
- «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы қоғам мен мемлекет үшін пайдалы – саясаттанушы
-
Аида Балаева онлайн петиция бірыңғай платформасын құру үшін негізгі талаптарды атады
-
Аида Балаева Қоғамдық кеңес мүшелерімен «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам