Қырымбек Көшербаев Атырау облысының бір топ азаматына мемлекеттік наградаларды табыстады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Атырау облысының бірқатар азаматына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент тапсырмасымен Атырау облысына келген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтың тәу етер тұғыры – Тәуелсіздіктің құндылығы, еліміздің 30 жылда қол жеткізген жетістігі туралы жан-жақты айтып өтті.

«Біз – еркіндікке қолы жеткен, арман-мұраты тең өрілген дана халықпыз. Біз – тайқазаны ортаймаған қазақ деген байтақ елміз. Міне, сол бақыт түндігін ашқан Тәуелсіздік бүгінде құт-берекеге айналды. Біз бүгін осы құбылысты ерекше сезініп тұрмыз. Қазақстан – ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт ел. Бүгінгі мемлекетіміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің, ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай білгеніміздің жемісі. Сондықтан, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болғанда ғана Тәуелсіздіктің туы мәңгі желбірейтінін естен шығармағанымыз абзал», - деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев ел Тәуелсіздігін тұғырлы етуге, еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына Атырау облысының ерекше үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы салтанатты іс-шара соңында Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды әртүрлі салада ел мерейін асырып жүрген бір топ атыраулыққа тапсырды.


Соңғы жаңалықтар