Қыркүйекте іскерлік белсенділік жанданды - Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, жалпы экономика бойынша инвестициялар өсуде. Инвестициялар денсаулық сақтауда 85,7е, байланыста – 62,4, сумен жабдықтауда – 27,4, тұрғын үй құрылысында – 25,2, агроөнеркәсіп кешенінде – 15,1, өңдеуде – 7,3 және көлікте – 5,7 пайызға ұлғайды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, қыркүйекте тамызбен салыстырғанда салалардың көбі өсу көрсетті.

«Олар ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық, қаржылық қызмет, сауда, көлік және басқалар. Осылайша, қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар