Қыркүйек айында тіркелген заңды тұлғалар саны 293 мың 571 - Статистика агенттігі

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ 2009 жылғы  қыркүйектің 1‑індегі жағдай бойынша елімізде тіркелген заңды тұлғалар саны 293 мың 571 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға артты.

 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігі осындай мәлімет таратып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік деректеріне қарағанда, тіркелген заңды тұлғалар ішінде  278 мың 197 бірлігінің 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар болып табылады. Сонымен бірге, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 186 мың 235-ті құраса, оның 171 мың 882‑сі - шағын кәсіпорындар. Сондай‑ақ қыркүйектегі жағдай бойынша республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 210 мың 916 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға  артқан.

Бұдан басқа, елімізде тұтыну бағаларының индексі 2009 жылғы тамызда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 2,7, азық-түлік емес тауарлар -  6,2, ақылы қызметтер көрсету 4,7 пайызға артқан. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2009 жылғы тамызда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  17,5 пайызға өскен. 2009 жылғы қаңтар-маусымда жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 6 трлн. 446,3 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2,3 пайызға тең болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар