Қыркүйек айында сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі байқалды

None
None
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы қыркүйекте сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі байқалды.

«2011 жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 0,4 пайызға, импортталатындарға - 0,5 пайызға төмендеді. Экспорттық жеткізілімдерге бір айда бағаның газ конденсатына - 10,8 пайыз, мұнай өнімдеріне - 9,7 пайыз, қорғасынға - 6,3 пайыз, алюминийге - 4,1 пайыз, ферроқорытпаларға - 2,2 пайыз, сұйытылған пропан мен бутанға - 1,7 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, бағаның қара металдардан жасалған бұйымдарға - 9,8 пайыз, мырышқа - 6,6 пайыз, мұнайға - 1,3 пайызға жоғарылауы белгіленді. Сондай-ақ, баға бидайға - 2,3 пайыз, темекіге - 1,8 пайызға төмен, ал былғарыға - 2 пайызға жоғары болды», - делінген агенттік мәліметінде.

Сонымен қатар, импорттық түсімдерден кофе - 9,8 пайыз, дәрі-дәрмектер - 3,5 пайыз, шай - 3,2 пайыз, күріш - 2,2 пайыз, сырлар мен лактар - 1,1 пайызға арзандап, құс еті - 6,7 пайызға, қант - 5,6 пайызға, сүрек - 1,8, өсімдік майы - 1 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар