Қыркүйек айына дейін қаладағы негізгі жолдар жөндеуден өтеді – Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылы басталғанға дейін елордадағы негізгі жолдар жөндеуден өтеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылда қала тұрғындарының саны артқан сайын көлік кептелесі мәселесі байқалып отыр. Сонымен қатар, қаладағы жолдардың сапасы өзекті болып тұр. Қаражаттың басым бөлігі елорданың шеткі аумақтарындағы жолдарды жөндеуге қарастырылған. Қоғамдық көлік көп жүретін негізгі жолдарда, әкімшілік орталық және адамдар көп шоғырланған жерлерде қайта жөндеу ескерілген. Жаңа көпірді де аштық», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, қыркүйек айына дейін қаладағы негізгі жолдар жөндеуден өтеді.

«Жаңа оқу жылы басталғанға дейін көлік кептелісін барынша азайту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы жоспарды дер кезінде іске асыру қоғамдық көліктің қозғалысына оң әсерін тигізеді», - деді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар