Қырғызстанның ҰҚК қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме таратты

None
None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Қырғыз Республкасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, елдің қауіпсіздік қызметі қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаға қатысты түрлі БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан ақпараттар жалған және арандатушылық болуы мүмкін екендігін ескертеді.

Сондай-ақ, шекарада болған шиеленісті шешу үшін екі тарап келіссөздер жүргізіп жатыр.

 Еске салсақ, 16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, бір қырғыз әскери қызметшісі қаза тапқан болатын.



Соңғы жаңалықтар