Қырғызстанның Сыртқы істер министрі дипломаттарын эвакуациялағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сайтына сілтеме жасап.

Р.Казакбаев Ауғанстаннан 14 қырғыз азаматын, соның ішінде олардың дипломаттарын қайтаруға бауырлас көмек көрсеткені үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ҚР Үкіметіне алғысын білдірді.

Министрлер АИР-дағы ахуалдың дамуын мониторингілеу бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау және жедел мәселелерді шешудегі одан әрі бірлескен шаралар туралы уағдаласты.

Еске сала кетсек, Қазақстан әскери ұшақпен Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Осы бортта қазақстандықтармен бірге 14 Қырғызстан азаматы болды.



Соңғы жаңалықтар