Қырғызстанның Шолпаната қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді

None
None
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шілденің 31-і мен тамыздың 2-сі аралығында Қырғызстанның Шолпаната  қаласында    Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, бейресми саммитте халықаралық жаһандық проблемалар бойынша пікір алмасулар өтіп, ұйымның қызметі мен оның тиімділігін арттыру тұрғысындағы шаралар талқыланбақ.  «Жоспарланған күн тәртібіне сәйкес ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің үйлестірілген ақпараттық саясатын қалыптастыру бойынша тәжірибелік шаралар жөнінде ҰҚШҰ Бас хатшысы баяндама жасайтын болады», деді І. Омаров.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттері кіреді.

Соңғы жаңалықтар