Қырғызстанның сайлау комиссиясы Парламент сайлауының қорытындысын заңсыз деп тапты

None
None
БІШКЕК. КАБАР - ҚазАқпарат – Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы 2020 жылдың 4 қазанында Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауында берілген дауыстарды заңға сай емес деп тапты.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның КАБАР агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстандағы парламент сайлауы 4 қазан күні өтті. Оған 16 саяси партия қатысты. Есептеу бойынша 4 партияның жинаған дауысы 7 пайыздан асқан. Олар: «Биримдик», «Мекеним Кыргызстан», «Кыргызстан», «Бутун Кыргызстан».

Басқа партиялар қажетті дауыс жинай алмады.

5 қазанда түске қарай сайлау қорытындысымен келіспегендер Ала-Тоо алаңында митингіге шықты. Жеңілген партия көшбасшылары биліктен сайлау қорытындысының күшін жоюды талап етті. Олардың пікірінше, сайлауда өрескел тәртіп бұзушылықтар болған.

Кешке қарай «Ақ үйге» шабуыл жасаған митингіге қатысушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында қақтығыс басталды. Қарсылық танытушылар 6 қазан түнде «Ақ үйді» басып алды.


Соңғы жаңалықтар