Қырғызстанның Ош қаласында жергілікті тұрғындар қалалық ІІБ ғимаратына шабуыл жасауда

None
None
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында, қалалық ішкі істер басқармасы ауданында атыс жүріп жатыр. Бұл туралы журналистерге жергілікті тұрғындар хабарлады, делінген Утро. Ру агенттігінің ақпаратында.

Сонымен қатар оқиғаны көзімен көргендер бүгін таңертең қалалық ішкі істер басқармасына қарай көптеген жастардың кетіп бара жатқандығын айтып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні түнде тұтанған өзбектер мен қырғыздар арасындағы ұлтаралық қақтығыс басылар емес. Тәртіпсіздікке қатысушылар машиналарды өртеп, дүкендерді, базарларды, сонымен қатар тұрғын үйлерді тонауда. Республиканың уақытша үкіметі өзбек диаспорасы көп тұратын Ош қаласында және Ош облысының бірқатар аудандарында төтенше жағдай енгізіп отыр. Қақтығыстар салдарынан 50 адам қаза тауып, 660-тан астам адам жарақаттанған.

Соңғы жаңалықтар