Қырғызстанның Ош қаласында түркітілдес елдердің бауырластар стелласы ашылды

None
None
ОШ. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ош қаласындағы «Ақниет» саябағында «Ош Түркі әлемінің мәдени астанасы - 2019» халықаралық бағдарламасының аяқталуына орай ТҮРКСОЙ Бауырластар стелласы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Рәсімге Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашов, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы (ТҮРКСОЙ) Дүйсен Қасейінов, Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, қалалық кеңес төрағасы Жапарбек Ормонов, сондай-ақ түркітілдес 12 мемлекеттің мәдениет министрлері қатысты, оның қатарында Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан бар. Сондай-ақ, шараға Ош қаласының жұртшылығы мен қоғам белсенділері келді.

Стелланы ашу рәсімінде қала мэрі Таалайбек Сарыбашов, «Ош Түркі әлемінің мәдени астанасы - 2019» шарасы барша түркітілдес елдері үшін маңызды шара екенін атап өтіп, өткізілген мәдени бұқаралық шараларды Ош қаласының және елдің оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың ұмытпайтынын, ол Түркітілдес елдердің мәдени астаналарының бауырластығын нығайтатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар