Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 28 адам қаза тауып, 400-ден астамы жараланды

None
None
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 28 адам қаза тауып, 400-ден астамы жараланды, деп хабарлады РБК агенттігінің тілшісіне республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен. Бұдан бұрын 17 адамның қаза тауып, 300-ге жуық азаматтың жараланғандығы хабарланған болатын.

Ұлтаралық қақтығыс туындап отырған елдің оңтүстігіндегі жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Оқиға орнындағы дереккөздің хабарлауынша, Ошқа қарай оңтүстік астананы қоршап тұрған аудандардан адамдар келе жатыр. Олардың арасында қырғыздар мен өзбектер бар. Күш-құрылым қызметкерлері оларды қалаға кіргізбеуге тырысуда.

Соңғы жаңалықтар