+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

2020 жылғы 23 маусым 15:54
Бөлісіңіз:
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы болды. Первомай аудандық сотының шешімімен ҚР бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43 бап 2 тармағы және 312 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленді.

Сот отырысына Атамбаевтың өзі қатысқан жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент дәрежесінен айырып, қылмыстық істерін әшкерелеу үшін арнайы комиссия құрған болатын.

Комиссия Атамбаевтың бірнеше қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Атап айтқанда, Бішкек ЖЭО жаңғырту кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болған Әзиз Батұқаевты заңсыз босатуға, астаналық ЖЭО-на көмір сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа, Қой-Таш ауылынан жер телімдерін заңсыз сатып алуға және ақша жымқыруға қатысы бар белгілі болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT