Қырғызстанның бұрынғы вице-премьеріне Интерпол арқылы іздеу салынбақ

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Асқарбек Шәдиевке 304-ші бапқа сәйкес жауапты лауазымға ие тұлғаның қызметін асыра пайдалану және аса ірі көлемде шығын келтіру бойынша сырттай айып тағылды. Бұл жөнінде Кабар агенттігінің баспасөз мәслихатында Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев мәлім еткен.

Оның айтуынша, экс-вице-премьер-министрге іздеу жарияланды.

«Бұдан бөлек, Шәдиевке мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өту, сондай-ақ аса ірі көлемде қылмыстық әрекеттен түскен қаражатты заңдастыруға қатысты бірқатар қылмыстық істер қозғалды», - деді Сағынбаев.

Сондай-ақ, ол Шәдиев елден тыс жерлерде жүргендіктен, Қырғыз Республикасының арнайы қызметтері бұрынғы шенеунікті ұстау үшін Интерполмен жұмыс жасап жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар