Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды

None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғызстанның экс-вице-премьері Жениш Разаков ұсталды. Оған алаяқтық және лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
«Жениш Разаков 2017 жылы өзінің лауазымдық міндеттерін пайдалана отырып, 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты алаяқтық жолмен иеленді деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Қырғызстанның ІІМ Жениш Разаков қатысты қылмыстық іс қозғап, оны тергеу изоляторына қамады.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар