Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевке айып тағылып, бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанның ҰҚМК таратқан хабарламаға қарағанда, ел үкіметінің бұрынғы басшысы «Бішкек қаласының ЖЭО жаңарту» жобасын іске асыру кезінде қылмыстың іске қатысқан және жемқорлық әрекеттеріне жол берген деп айыпталуда.

Бішкек қаласының аудандық соты бұрынғы шенеунікті тергеу мерзімі аяқталғанға дейін ҰҚМК тергеу изоляторында  қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар