Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа бұлтартпау шарасын өзгертті. Ол тергеу амалдары аяқталғанға дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыратын болады. Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлайды.

Еске салайық, Бішкек қаласындағы Жылу электр орталығын жаңғырту кезіндегі жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске  қатысты 2018 жылдың 29 мамыры күні Сапар Исаковқа Қырғыз Республикасы ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.

Соңғы жаңалықтар