Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры 12 жылдан соң түрмеге қамалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының бұрынғы әділет министрі, бас прокуроры, қазіргі Жогорку Кенеш депутаты Аида Саляноваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бішкектің Ленин аудандық сотының шешімімен ол бес жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесілді.

«Салянованың 2015 жылы туған қызы болуына байланысты, ол жазасын 12 жылдан кейін, қызы 14 жасқа толған соң өтейтін болады», - деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Тағаев.

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасы ҚК 304-бабының (қызмет бабын асыра пайдалану) 4-бөлігіне сәйкес 2016 жылдың 26 желтоқсанында Аида Саляноваға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Оған 2010 жылғы оқиғалардан кейін іздеуде жүрген Максим Бакиевтің серігі Алексей Елисеевке адвокаттық лицензиясын қалпына келтіруге көмектесті деген айып тағылған.

Айта кетерлігі, Салянованың өзі бұл сот процесінің саяси астары бар екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ал оның жақтастары үкім оқылғаннан кейін судьяға наразылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар