Қырғызстанның болашақ білім министрі латын алфавитіне көшу идеясын қолдайды

БІШКЕК. КАБАР. ҚазАқпарат – Қырғызстанның болашақ білім министрі Қаныбек Исаков қырғыз тілін латын алфавитіне көшіру идеясын қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Жоғарғы Кеңестің отырысында депутат Сүлейменовтің сұрағына Білім министрі лауазымына үміткер Қаныбек Исаков қырғыз тілін латын алфавитіне көшіру идеясын қолдайтынын мәлім етті.
Оның айтуынша, латын алфавитіне көшу идеясы бүгінде түркітілдес елдер арасында талқыға түсуде.
«Бұл негізінен жаһандану үдерісінде түркітілдес елдердің басын қосу үшін қажет. Егер мемлекеттің мүмкіндігі болса, латын алфавитіне көшу идеясын қолдаймын», - деді білім министрі лауазымына үміткер.
Депутат Қ.Исаковқа қолдау білдіріп, бұл мәселеде Қырғызстан өзге түркі тілдес елдерден артта қалғанын айтты.
«Біздің Қасым Тыныстанов сынды ата-бабаларымыз латынша жазған, алайда біз оның да, басқа да отандастарымыздың тағдырының қалай аяқталғанын білеміз. Барлығы репрессияға ұшырады. Демек, біз латын алфавитін жаңадан енгізбей, жай ғана оған қайтып келуіміз керек», - деді Сулайманов.
Депутаттар жаңа министрге аталмыш мәселеге көңіл бөліп, парламенттің қолдауымен бастаманы жүзеге асыруын тіледі. Қ.Исаков бұл мәселеде сатылы түрде жұмыс істейтінін айтты.
- Эксклюзив: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат
- Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,7 млн адамнан асты
- «Qazaqstan» арнасында Таулы Қарабақ туралы деректі фильм көрсетілді
- Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
-
Италияда Помпеи қаласы маңынан ежелгі заманғы күйме табылды
-
Ексетер қаласында соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам