Қырғызстаннан вирус жұқтырып келген Қордайдың екі тұрғыны жазылып, үйіне шықты

None
None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін коронавирустан айығып кеткен 11 адамның ішінде Қордай ауданының екі тұрғыны бар, деп зхабарлайды ҚазАқпарат Мемкомиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Емделушілердің бірі 1974 жылғы, ол биыл 27 наурызда ауруханаға жатқызылған еді. Оған дейін бір күн бұрын ол отбасымен Қырғызстан Республикасынан оралған.

Бекітілген алгоритмге сәйкес атқарылған жұмыстың арқасында шекарадан өткен сәттен бастап бес адамнан тұратын осы отбасы карантиндік стационарға оқшауланды. Зертханалық талдаулардың нәтижесінде вирус осы азаматтың ғана азғасынан табылды, отбасының басқа мүшелері вирусты жұқтырмаған.

Екінші емделуші 1996 жылы туған, ол да 27 наурыз күні Қырғызстан Республикасынан келген бойда ауруханаға жатқызылған.

Олар екі апта ішінде қажетті ем алып, инфекциялық стационарда жатты. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. Бақылау талдаулары емделушілердің аурудан айыққанын растады.

Осыған қарамастан, алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 40 науқас ем алып жатыр. Олардың денсаулығы бірқалыпты.

Еске сала кетейік, дәл қазіргі уақытта Қазақстанда 79 адам коронавирустан жазылып, үйіне шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар