Қырғызстаннан «табылған» күдікті Қазақстанға қайтарылмақшы - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қырғызстандық әріптестерімен бірлесе отырып, іздеуде жүрген Б.Қайыржановты Бішкек қаласында қолға түсірді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Б.Қайыржанов Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оны Қазақстан Республикасына қайтару мәселесі шешілуде.

Айта кетейік, қылмыстық қудалау органдары Б.Қайыржановқа «Алемтрансойл» ЖШС Шыңғырлау филиалының басқарушысы қызметін атқара жүріп, соттың үкімімен тәркілеуге жатқызылған және заттай дәлелдеме ретінде сақтау үшін оған берілген мүлікті (810018 тонна мұнай) иемденген деп айып таққан еді. Өткен жылғы 23 қыркүйекте Шыңғырлау аудандық сотының қаулысымен Б.Қайыржановқа қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына рұқсат берумен іздеу жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар