+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қырғызстаннан келе жатқан әйел Қазақстан шекарасында босанып қалды

2018 жылғы 3 желтоқсан 12:00
Бөлісіңіз:
Қырғызстаннан келе жатқан әйел Қазақстан шекарасында босанып қалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Ауқатты» өткізу пункітінің қызметкерлері Қырғызстаннан келе жатқан әйелді босандырып алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданында болған.

«2 желтоқсан күні сағат 19.30 шамасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөліміне қарасты «Ауқатты» өткізу пунктінде Қырғызстаннан келе жатқан Фарида есімді отандасымызды аяқ астынан толғағы қысқан. Шекара наряды ауыл ауруханасынан медицина қызметкерлері жеткенше, жүкті анаға алғашқы көмек көрсетіп қана қоймай, оны босандырып та үлгерген», - делінген таратылған хабарламада.

Дүниеге келген ұл бала мен оның анасын Сортөбе ауылының ауруханасына жедел жәрдем көлігімен наряд басшысы, шекарашы-офицер бірге жеткізіп салған.

«Ананың да, нәрестенің де денсаулықтары жақсы. Шекара қызметінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараның күзетінде әртүрлі күтпеген жағдайларға әрдайым дайын жүреді. Бірақ мұндай жағдай бірінші рет болды», - дейді Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT