Қырғызстаннан Қазақстанға 6 тоннаға жуық қант шығарылмақ болды

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстаннан Қазақстанға 6 тонна қант шығарылмақ болған. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан азаматының қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі кезінде оның «Мерседес-Бенц» көлігінен шамамен 6 тонна көлемінде қант анықталған.

Ілеспе құжаттарда түйіршіктелген қант тізімде жоқ.

Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен ел аумағынан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге (экспорттауға) уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылданған, онда түйіршіктелген қант пен қамыс қантын экспорттауға уақытша тыйым салынды.


Фото: kabar.kg


Соңғы жаңалықтар