Қырғызстаннан «gorilla» сусындарын заңсыз әкелген үш көлік кері қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері ПД жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, Меркі ауданы Андас батыр ауылында Қырғызстан Республикасының тіркеу нөмірімен үш жүк тиелген «Mercedes-Benz» автокөлігін ұстады,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру нәтижесінде аталған көліктердің Бішкек қаласынан шыққандығы, «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткендігі анықталды. Көліктерге тиелген 28 800 банкі «Gorilla» алкогольсіз сусынның тауарға ілеспе құжаттары болмаған.

Бұл факт бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер кері, Қырғызстанға қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар