Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдың 12 қазанынан бастап, Қазақстан Республикасына Қырғызстаннан кіргізілетін ет өнімдеріне уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдай Қырғызстан Республикасының аумағындағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданған.

Осылайша, Қазақстан Республикасына ветеринариялық бақылау және қадағалау өнімдерін экспорттауға құқығы бар 5 қырғыз кәсіпорнына шектеу енгізілді. Сондай-ақ белгілегендей, шығыс инспекция қорытындысы бойынша 2012 жылдан бері тағы 4 қырғыз кәсіпорнына уақытша шектеу қолданылды. Олар ОсОО «Риха», ЖАҚ «Кантский хлебзавод», ОсОО «Баркад», ОсОО «Салих ЛТД», ОсОО «Адал-Азык».

 

Соңғы жаңалықтар