Қырғызстаннан әкелінген көліктерді заңдастыруға бола ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Қырғызстаннан әкелінген көліктерді заңдастырып алуға бола ма? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы екі елден әкелінетін (Қырғызстан мен Армения) көліктер екі түрлі санатқа жатады. Үкіметтің қаулысында тіркеуге жататын көлік құралдарының санаты нақты көрсетілген. Ал Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Себебі шетелдік азаматтардың атына тіркелген көліктер халықаралық қозғалыс режиміне жатады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Серік Түсіпов Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге неліктен тыйым салынғанын түсіндіріп берген еді.



Соңғы жаңалықтар