Қырғызстанмен шекарадағы қақтығыс: 10 тәжікстандық зардап шегіп, екеуі қаза тапты

None
None
ДУШАНБЕ. ХОВАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс салдарынан тәжік тарапынан 10 адам жарақат алды. Соның алтауы әскери қызметші және төртеуі жергілікті тұрғын. Бұл турал ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Тәжікстан Республикасының екі азаматы – 1986 жылғы Туйчиев Обидджон, Ходжаи Аъло ауылының тұрғыны қырғыз әскери қызметшілері атқан миномёт снарядының ауласында жарылуы кезінде мерт болды, сондай-ақ 1964 жылғы Шарипов Абдулатиф Рабиевич Исфары қалалық ауруханасы алғашқы медициналық көмек бөлімінің жүргізушісі қырғыз тарапынан атылған миномет жарылысынан Ходжаи Аъло ауылының тұрғындарын құтқару кезінде қаза тапты.

2022 жылдың 28 қаңтарында сағат 01:00-де Исфары қаласы Сурх ауылдық джамоаты аумағында Тәжікстан мен Қырғызстан жауапты органдарының жұмыс тобы кездесті.

Тараптар қарулы шекара қақтығысын талқылап, 2022 жылдың 28 қаңтары сағат 08:00-ге дейін барлық қосымша күштер мен техниканы қайтарғанға дейін оқ атуды тоқтату туралы шешімге келді. Қазіргі уақытта Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай тұрақты. Екі тараптың комиссиясы бірлесіп шекарадағы қақтығыстың себебі мен факторын анықтап жатыр.

Бұған дейін Тәжікстанмен шекарада жеті қырғызстандықтың зардап шеккені хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар