Қырғызстанға заңсыз бензин тасымалдамақ болған велосипедші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қырғызстан азаматы велосипедпен Қазақстаннан бензинді заңсыз тасымалдап бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордайдағы Сортөбе авто шекара наряды Қырғыз республикасының 60 жастағы азаматын ұстады. Ол АИ-92 маркалі жанар-жағармайдың 30 литрін алып өтпек болған», - деді ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Өткен демалыста Сортөбе мен Қарасу авто посттарынан 148 литр бензин мен 700 литр дизельдің заңсыз тасымалының жолы кесілді.

Соңғы жаңалықтар