Қырғызстанға әскери-техникалық жәрдем көрсетуге қатысты заң жобасы мақұлданды
2022 жылғы 11 мамыр 11:38

Қырғызстанға әскери-техникалық жәрдем көрсетуге қатысты заң жобасы мақұлданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету келісімін ратификациялау» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, бұл келісім 2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған.

«Келісім бойынша әскери мүлік бір рет беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді. Қазақстан тарапы мүлікті Қырғызстанның Қойташ елдімекеніне дейін автокөлікпен жеткізіледі. Шығынды өзі көтереді. Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді. ТМД қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды», - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

«Заң жобасын қабылдау бюджеттен қосымша қаражат қажет етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқпайды», - деді спикер.

Мәжіліс комитеттері Келісімді оң бағалап, оны ратификациялауды ұсынады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT