Қырғызстанға 960 тонна бензинді заңсыз шығарудың жолы кесілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Қазақстаннан Қырғыз Республикасына 960 тонна АИ-92 маркалы бензинді заңсыз әкетудің жолы кесілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында ЖЖМ «газ конденсаты» атауымен рәсімдеп теміржол цистерналарымен шығаруды жоспарлағаны анықталды.

Бензиннің жалпы сомасы 229 миллион теңгені құрайды.

Тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


Соңғы жаңалықтар